Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз – Тоқаев

1

Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз.» деді.

«Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек» деді ҚР Президенті.