Атырау облысында қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейлерге шабуыл жасалды, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиға 3 сәуір күні шамамен сағат 22:00-де Мақат ауданында болған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қызмет барысында құқықбұзушылықтың алдын алуға әрекет жасаған. Сол сәтте оларға бір топ азамат шабуыл жасаған.
Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері түрлі дене жарақатын алған.
Аталған дерек бойынша билік өкілдеріне күш қолдану фактісімен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.