Бразилияның оңтүстігінде шағын ұшақ тұрғын үйлердің біріне құлап, қайғылы оқиға тіркелді. Оқиға салдарынан кемінде үш адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.
Апат Риу-Гранди-ду-Сул штатының солтүстігіндегі Капао-да-Каноа қаласында болған. Оқиға сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Кадрлардан ұшақтың тұрғын үйлердің біріне соғылып, артынша өрт шыққаны көрінеді. Апат болған аумақта негізінен аз қабатты үйлер орналасқан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе кемесінің бортында төрт адам болған. Олардың үшеуі, соның ішінде ұшқыш, оқиға орнында көз жұмған.
Әскери бригада өкілдерінің айтуынша, ұшақ төмен биіктікте ұшып келе жатып, кенеттен биіктігін жоғалтып, апатқа ұшыраған.