Жамбыл облысында әскери қызметкер өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысындағы Гвардиялық гарнизон әскери бөлімінде офицер өз-өзіне қол жұмсады. Аталған ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады.
«22 қарашада Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімінде офицер А. өз-өзіне қол жұмсады. Марқұмнан хат табылды», — делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі мәліметінше, бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Тергеу мүддесі үшін, сондай-ақ туыстарының өтініші бойынша басқа мәлімет жария етілмейді», — деп толықтырды Қорғаныс министрлігі өкілдері.