Трансферт бөлінісіндегі жаңа тренд: өңірлер өз күнін өзі көре ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

BINOM мектебіндегі жанжал: оқушы қыз пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

BINOM мектебіндегі жанжал: оқушы қыз пышақ жарақатымен ауруханаға түсті
Ашық дереккөз

Атырау қаласындағы BINOM мектептерінің бірінде болған жанжал салдарынан оқушы қыз пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқушы өткір затпен, болжам бойынша пышақпен жараланған. Оқиға сыныптастар арасындағы жанжалдан кейін болғаны айтылып отыр.

Зардап шеккен қыз жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлер оның ауыр жарақат алғанын мәлімдеді.

Полицияның дерегінше, жарақат алған – 8-сынып оқушысы. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Алдын ала ақпарат бойынша, жарақатты 9-сынып оқушысы салған. Жасөспірім ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ полиция баланың ата-анасын кәмелетке толмағанды тиісінше тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырып жатыр.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.