Ұлттық намысы бар ұлтты — ешбір жау алмайды — Дина Елгезек
Ұлттық намыс — елдіктің көрінісі. Ұлттық намысы бар ұлтты — ешбір жау алмайды және ешқашан жемқорларға жем болмайды. Ұлттық намысы бар ұлт — авторитарлық жүйенің құлы болмайды. Ұлттық намысы бар ұлт ардақтысын атқызып, байлығын сатқызып қоймайды.
Ұлттық намысы бар ұлттың тілі босағадан сығалап тұрмайды.
“Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын біліп қойғанымыз жөн» деп еді Ататүрік. 23 мың тайваньдық 1 жарым млрдтық қытайға дес бермей келеді. 140 млндық Ресей 44 млндық Украинаны ала алмай отыр. Бүгін 350 мың қарақалпақ 35 млн өзбекті тізе бүктіріп, дегенін істетті. Өзбек Президенті Конституцияны өзгеріссіз қалдыратынын мәлімдепті. Қарақалпақтар өзінің ұлттық бейнесін бүгін тапты. Және 3 күнде мықты азаматтық қоғам қалыптастырды. Ал мықты азаматтық қоғам — мықты елдің діңгегі!
Оларды алаңға шығарған — жалған қиқу емес, жүрегін күйдіріп, жанын өртеген ұлттық намыс!
“Қазақтың әлеуметтік жағдайы қиын. Мемлекеттің тақыр кедейлігінен емес, жемқорлардың тойымсыз жемсауына түсіп кеткендіктен” деп еді нағыз батыр Шерхан атам… Біздің ұлттық намыс оянған күні, жемқорлар жемсауын босатар…
Дина Елгезек