Шымкентте гастрономиялық фестиваль өтті: ең дәмді палау мен самса анықталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Премьер-министр қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Премьер-министр қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
фото: Үкімет

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды kznews.kz.

“Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды ырыс пен ынтымақтың арқауы, ізгілік атаулының береке-бастауы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Биыл қазақ елі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді қолдап, дамудың жаңа кезеңіне нық қадам басты. Жаңғырудың жарқын нышанына айналған жаңа Конституциямыз ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, қастерлі Тәуелсіздігімізбен бірге жасай бермек”, – делінген құттықтауда. 

Сондайқ-ақ ол ұлыстың ұлы күні бірлігі бекем халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, бейбіт өмір мен еңселі елдік жолындағы арман-мұратына жеткізсін деп тіледі. 

“Жаңарған жыл жұртымыз үшін жасампаз істерге, толайым табысқа толы болсын. Әз-Наурызда әр шаңырақ құт-берекеге бөленіп, ырзық-несібеге кенелсін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!” – делінген құттықтауда. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.