Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні өлімнен құтқарып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Оқиғаны салтанатты түрде тіркеу рәсімі Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік концерт басталар алдында өтті.
Саябақтың қақ ортасына орнатылған биіктігі 11 метрден асатын, диаметрі 20 метрден асатын шаңырақ Global Best of Records әлемдік рекордтар кітабына енгізілді. Осы оқиғаға арнайы ұзындығы 100 метрден асатын сырлы сырмақ дайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Азия және Африка елдері бойынша рекордтты тіркеу бөлімінің бас офицері Қуандық Құдайбергенов тіркеу рәсімін жүргізіп, сертификатты Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбековке салтанатты түрде табыстады.

Көптеген алматылықтар мен мегаполис қонақтары куә болған іс-шара барысында ұлттық киім киген әйелдер алып шаңырақтың астына тоқылған сырлы сырмақты жайып шықты.

Бұл көрініс көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды — көптеген қонақтар ауқымды композиция аясында суретке түсіп, бейнежазба жасады.

Оқиғаның маңызы туралы Қуандық Құдайбергенов айтып өтті.

«Global Best of Records рекордтар кітабы — Гиннестің рекордтар кітабымен қатар әлемге танымал халықаралық реестрлердің бірі. Біздің кітап әлемдегі ең ірі жинақтардың қатарына кіреді және 89 елді біріктіреді», – деді ол.

Концерттік бағдарлама аясында Азия және Африка елдері бойынша рекордтты тіркеу бөлімінің бас офицері рекордтық көлемдегі сырлы сырмақты әзірлеген шеберлер тобына да марапат табыстады.

Бұл оқиға ұлттық өнер мен қазақстандық шеберлердің төл қолтаңбасын айқын танытқан жарқын белеске айналды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.