Тұрсынбек Қабатов қызының орнына ҰБТ-ға басқа адам кіргізген болуы мүмкін
Бұл туралы әлеуметтік желіге аталмыш ақпарат пен суретті заңгер Абзал Құспан бөлісті.
“13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан.
Алдында Тұрсынбектің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып , төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған. Қызы Астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітірген.
Тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, алайда Тұрсынбектің қызы құтылып кетеді деп отырмыз. Өйткені жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр”.