Ұлытау облысы 2025 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең жоғары жалақы төленетін өңірлердің үштігіне енді, деп хабарлайды kznews.kz. Бұл көрсеткіш аймақ экономикасының құрылымымен, әсіресе "Қазақмыс" өнеркәсібімен тікелей байланысты.
Ұлттық статистика деректеріне сәйкес, еліміз бойынша орташа айлық жалақы 473 158 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға артқан. Ал Ұлытау облысында бұл көрсеткіш бұдан да жоғары деңгейде қалыптасып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, өңірдегі жоғары жалақының басты себебі – тау-кен өндірісінің дамуы. Аталған салада орташа еңбекақы шамамен 978 962 теңгені құрайды. Бұл – республикалық орташа деңгейден екі еседен астам жоғары көрсеткіш.
Өңір экономикасында жетекші орын алатын негізгі кәсіпорындардың бірі – «Қазақмыс» корпорациясы. Компания облыстағы ірі жұмыс берушілердің қатарында. Мыңдаған тұрғын осы кәсіпорында еңбек етіп, тұрақты табыс табуда.

«Қазақмыс» тек өндірістік қызметпен шектелмей, әлеуметтік жауапкершілік бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Компания өңірде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып, әлеуметтік нысандарды дамытуға үлес қосуда. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасының артуына ықпал етуде.
Жалпы алғанда, Ұлытау облысының жоғары жалақы көрсеткіші – өңірдегі ірі өндіріс орындарының, соның ішінде «Қазақмыс» корпорациясының тұрақты жұмысының нәтижесі екені анық. Экономикалық белсенділік пен инвестициялық жобалардың іске асуы алдағы уақытта да бұл үрдісті сақтауға мүмкіндік береді.