Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Кеген–Нарынқол" тасжолын су шайып кетті

"Кеген–Нарынқол" тасжолын су шайып кетті
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының шалғайдағы Райымбек және Кеген аудандарын жалғайтын автокөлік жолының бір бөлігін еріген қар суы шайып кеткен. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Жол қызметі мамандары жоспарлы бақылау барысында "Кеген – Нарынқол" республикалық автожолының 20-шақырымында еріген қар суы ағысының күшейгенін анықтады. Тексеру кезінде су өткізу құбырының бүлінуі салдарынан жиналған су жолды шайып кеткені белгілі болды, - деген хабарламада.

Аталған тасжол 1960–1970 жылдары салынған. Осы уақытқа дейін бұл учаскеде мұндай жағдай тіркелмегендіктен, аймақ тасқын қаупі бар аумақ ретінде қарастырылмаған екен.

Қазір қауіптің алдын алу мақсатында жол қозғалысы дереу тоқтатылып, қауіпсіздік шаралары қабылданды. Апат орнында арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Көлік қатынасын үзбеу үшін уақытша жол салынды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аумақтағы су деңгейі төмендегеннен кейін бүлінген құбыр мен жол жабыны қалпына келтіріледі. Сонымен қатар бұл учаскеде орташа жөндеу жүргізіліп, жолдың табиғи апаттарға төзімділігі күшейтіледі.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.