Ресейде жас қыз алаяқтардың айтағымен мешітті өртегені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz Газета.ru-ға сілтеме жасап.
Коми өңірінің 20 жастағы тұрғыны өткен жылдың шілде айында діни ұйым ғимаратына бензин құйып өртеген. Соттағы соңғы сөзінде ол бұл әрекетке алаяқтардың психологиялық қысымы мен гипноздық ықпалы салдарынан барғанын айтып, олардың өз отбасына қауіп төндіргенін жеткізген.
Қыздың айтуынша, ол соңына дейін өзін құқық қорғау органдарына көмектесіп жатырмын деп сенген. Яғни, ФСБ қызметкерлеріне қылмыскерлерді ұстауға жәрдемдесіп, мемлекеттік маңызы бар тапсырманы орындап жүрмін деп ойлаған.
Ол өрт ұйымдастырғаны үшін жауап беруге дайын екенін, алайда өзін террористік әрекет жасады деп есептемейтінін атап өтті.
Нәтижесінде сот оны жалпы режимдегі колонияға 10 жылға соттады. Жаза мерзіміне тергеу изоляторында өткізген уақыты да есепке алынды.