Тик-Ток түсіру ме, суицид пе: полицейлер токқа түскен қызды тексеріп жатыр
Шымкентте темір жол көпірінде жасөспірім қызды тоқ соғып, денесін түгел дерлік күйік шалып қалған. Тіпті үстіндегі киімдерінен түк қалмай жанып кеткен. Бірден ауруханаға жеткізілген науқастың жағдайы өте ауыр дейді ақ халаттылар. Өрімдей қыздың екі кештің ортасында темір жол өткелінің үстінде не істеп жүргенін және оқыс оқиғаның қалай болғанындығы туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
ҒАЛЫМЖАН КЕНЖЕБЕК, ТІЛШІ: «Оқыс жағдай кеше кешкісін 10-дар шамасында дәл осы жерде болған. 15 жастағы қыз көпірдің үстіндегі мына темір торға өрмелеп шығып, Тик Токқа видео түсірмекші болған дейді куәгерлер. Алайда, оны тоқ ұрып дәл осы темір тордың үстінде 1 сағаттай жанып жатқан. Қазір бұл жерде киімдерінің қалдықтары ғана қалған».
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қызды тоқ ұрған кезде құдды бір отшашу секілді болған. Кейін жасөспірімнің қатты қиналған дауысы шыққан. Бірақ, сол маңныңм бәрінен жоғарғы кернеулі электр тоғы жүргізілгендіктен ешкім көмексетуге беттей алмаған. Тек төтеншеліктер келіп, электр энергиясын өшіргенен кейін ғана күйіп қалған қызды төменге түсірген.
МӨЛДІР ЖҰМАҚҰЛОВА, КУӘГЕР: «Прямо түтін шығып жатыр. Адам жатқан сияқты болып көрінді бізге. Бәріміз жүгіріп келіп, ана жерде тұрдық. Ешкім келе алмады. Түтін түтеп, сасып кетті».
Жоғарғы кернеулі тоқтың ұруы салдарынан қыздың денесінің кей жерлері сүйегіне дейін күйіп кеткен. Денесі мен ағзасының 91 пайызын күйік шалған ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Мамандардың айтуынша, аман қалған күннің өзінде мүгедек болып қалуы әбден мүмкін. Ал емдеу және оңалту шаралары ұзақ уақытты қажет етеді.
МАДИНА ЕРМАХАНБЕТОВА, «Т.Орынбаев атындағы гипербарилық оксигенация орталығы» МКК БАС ДӘРІГЕРІ: «Түскен кезде баланың жағдайы өте ауыр дәрежеде болған. Жалпы электр жарақаты болған. Термиялық күйіктің электр жалынымен 2,3 А ,Б және төртінші дәрежесі. Ожогтың шоктың ең ауыр сатысымен түсті».
Оқушы қыздың не себепті торға көтерілгенін құқық қорғау органдары анықтауға кірісті. Бұл сұмдық оқиғаға қатысты қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.