Танымал әнші Роза Рымбаева жеке өміріне қатысты бұрын айтылмаған құпия оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол ұлдары Әли мен Мәдиге қоса, Әлия мен Мәншүк есімді қыздарды тәрбиелеп отырғанын айтты. Әншінің сөзінше, бұл шешім қиын кезеңде қабылданған: ата-анасынан айырылған қыздарды өз қамқорлығына алып, оларды туған баласындай өсіруге бел буған.
Рымбаева бұл жауапкершілікті аманат ретінде қабылдағанын атап өтті. Кейін барлық міндет өз мойнына жүктелген. Бүгінде ол қыздардың өзін анасы ретінде құрметтеп, ерекше ықылас білдіретінін жеткізді.