Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Серік Сәпиев бокс федерациясында лауазымды қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев бокс федерациясында лауазымды қызметке тағайындалды
facebook.com/karsportpress. Суретте: Серік Сәпиев

Олимпиада чемпионы, танымал боксшы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев – Қазақстан спорт тарихындағы ең беделді тұлғалардың бірі. 1983 жылы дүниеге келген ол Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, екі мәрте әлем және Азия чемпионы атағын иеленген. Спорттағы жетістіктері үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері" атағымен және "Парасат" орденімен марапатталған. Сонымен қатар ол жоғары техникалық шеберлігі үшін берілетін Вэл Баркер кубогінің иегері ретінде әлемге танылған.

Жаңа қызметінде Серік Сәпиев отандық бокс мектебінің деңгейін арттыруға және ұлттық құраманың халықаралық жарыстардағы нәтижесін жақсартуға бағытталған жұмыстармен айналысатын болады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер