Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал жауынгер Қуат Хамитов ауруханаға түсіп қалды

Танымал жауынгер Қуат Хамитов ауруханаға түсіп қалды
ашық дереккөзден. Суретте: Қуат Хамитов

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ауруханаға түсті. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады 1bol.kz.

Файтер сториске ауруханадан түсірілген суретін жариялап, "Менімен үнемі бірдеңе болып жатады..." деген қысқа жазба қалдырған.

Бұл жағдай жанкүйерлерін алаңдатып, әлеуметтік желіде түрлі пікірлердің туындауына себеп болды. Алайда оның нақты қандай себеппен ауруханаға жатқызылғаны әзірге ресми түрде айтылған жоқ.

Қуат Хамитов спорт әлемінде "Найман" лақап атымен танымал. Ол өзінің ашық пікірлері мен әлеуметтік желідегі белсенділігі арқылы жиі назарда жүреді.

Айта кетейік, спортшы соңғы жекпе-жегін 2026 жылдың 15 ақпанында Грузияның Батуми қаласында өткен GFC 36 x GBC 4 турнирінде өткізіп, бразилиялық Алан Сильваны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.

Қазіргі уақытта файтердің денсаулығына қатысты қосымша ақпарат күтілуде.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер