Астанада пәтерлерді арнайы құрылығымен тексеріп жүрген кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Көлігінен 20 млн теңге ұрланды»: Адвокат Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты пікір білдірді

«Көлігінен 20 млн теңге ұрланды»: Адвокат Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты пікір білдірді
Фото: Ozgeris.info

Заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі жазбасында Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайымға қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп. 

Оның айтуынша, кейбір желі қолданушылары әйелдің соңғы жазбасын қылмыстық жауапкершіліктен жалтарудың «стратегиялық қадамы» ретінде бағалап жатыр.

Алайда заңгер мұндай тұжырыммен келіспейді.

Мейірман Шекеев Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайымның қысқа уақыт ішінде ауыр қайғыға тап болғанын атап өтті.

Атап айтқанда, оның туған әпкесінен айырылуы және автокөлігінен 20 млн теңгенің ұрлануы – кез келген адамға үлкен соққы екенін жеткізді.

Сондай-ақ, ол аталған іске байланысты қозғалған қылмыстық істерді ескере отырып, бұл жағдайда айыптаудан гөрі қолдау көрсету дұрыс екенін айтты.

Заңгердің пікірінше, әйелдің әрекетін қасақана жасалды деуге нақты негіз жоқ.

«Бұл бап бойынша қандай да бір стратегия болған күннің өзінде, заңда нақты санкциялар қарастырылған. Сондықтан қоғам даурығып, адамның онсыз да жаралы көңіліне салмақ салмай, керісінше қолдау білдіруі тиіс», – дейді ол.

Сөз соңында заңгер отбасылық мәселелер кез келген адамның басында болуы мүмкін екенін атап өтіп, жұртшылықты бір-бірін сынаудан гөрі қолдауға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.