Тараздық тұрғын күміс тиынға толы құмыра тауып алды (Видео)
Кездейсоқ болған оқиға қалаға жақын жатқан ауылдардың бірінің маңында болған. Жұмыстан қайтып келе жатып Рафаэль Искандеровтің көлігі бұзылған. Жол жиегіне тоқтап, темір тұлпарды жөндеуге қажетті темір іздеп жүргенде көз алдына жылтыраған металл түсіпті. Анықтап қарағанда табылған зат қыш ыдысқа салынған тиындар екендігін аңғарған. Қазып алып, үйіне алып келіпті. Тұрғын табылған жәдігерді музейге өткізіпті. Мамандар табылған тиындар 10-шы ғасырдың орта тұсына тиесілі деп болжап отыр. Бұлай топшылауға көне ақшалардағы арабша жазулар мен белгілер түрткі болыпты. Алдағы уақытта ғалымдар көмбені толықтай зерттеп, триахын нақты айтамыз деп отыр.
«Алғашында ешкімге айтпай сатып жіберу туралы ұсыныстар түсті. Бірақ, ондай қадамға баруға арым жібермеді. Менің ойымша мұндай құнды заттар сатылмауы керек. Кейінгі ұрпаққа тарихты тану үшін керек болады деп есептеймін» – дейді Рафаэль Искандеров.