Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың сәби ұстап жүрген видеосы тарады

Желіде Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың сәби ұстап жүрген видеосы тарады
Фото: видеодан скриншот

Желіде актерлер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың сәбиімен бірге жүрген сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейнежазбаны қала тұрғындарының бірі түсірген. Оның айтуынша, ол екеуін автотұрақта бірге көріп, осы сәтті видеоға түсіріп алған. Кадрлардан Дариға Бадықованың қолында кішкентай бала барын аңғаруға болады.

Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары түрлі жорамал айта бастады. Көпшілік бұл сәби олардың ортақ баласы болуы мүмкін деген пікір білдіруде. Алайда әзірге бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Желі қолданушыларының арасында жылы пікірлер де көп.

Олар: «Әр адам бақытты болуға лайық», «Қуанышты жаңалық сияқты», «Баян секілді ана атанған шығар», «Жүкті болғанын байқаған едім», «Балалары көбейе берсін», «Дариға ана болса, қуанар едік», «Бала – өмірдің мәні», «Мүмкін асырап алған болар» деген сынды ойларымен бөлісті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.