Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“5 өлеңіме бір де бір қаламақы төлемеді”: әнші Баянсұлудың басы дауға қалды

“5 өлеңіме бір де бір қаламақы төлемеді”: әнші Баянсұлудың басы дауға қалды
Фото: әлеуметтік желіден

«Bayansulu» атымен танымал әнші Баянсұлу Сағындықова дау ортасында қалды. Композитор Қуат Әбіл оның репертуарындағы бірнеше хит әннің авторы екенін айтып, еңбегі үшін ақы төленбегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Сазгердің сөзінше, ол әншінің «Ұмытсам да», «Сондайы бар енді», «Ауа райы», «Күтемін», «Lalala» әндерін жазған. Алайда бұл туындылар кеңінен танылса да, қаламақы берілмеген. Ол бұған қоса қысым болғанын және әншінің «әндерім онсыз да хит болмас еді» деген пікірі өзін ренжіткенін жеткізді.

Бұған дейін композитор әндерді орындауға уақытша тыйым салып, кейін келісіммен қайта жариялауға рұқсат берген. Қазір дау ушығып, ол шығармаларын толық пайдалануға шектеу қоюы мүмкін екенін айтты. Ал әнші тарапынан сотқа шақырту жіберілген.

Қуат Әбіл еңбегінің бағаланбағанына қынжылып, әділдік сұрап, көпшіліктен қолдау күтетінін жеткізді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.