Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Жігітің бар ма?”: Мөлдір Мұқанова жеке өмірі жайлы ашып айтты

“Жігітің бар ма?”: Мөлдір Мұқанова жеке өмірі жайлы ашып айтты
Фото: instagram.com/moldir.mt

Тележүргізуші Айгүл Мүкейдің “жігітің бар ма?” деген сұрағына әнші Мөлдір Мұқанова ашық жауап беріп, қазіргі таңда жаңа қарым-қатынасқа дайын емес екенін жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі кейде жұптарды көргенде іштей қызығатынын да жасырмады. Оның айтуынша, мұндай сезім кез келген адамға таныс.

“Кейде жұптарды көрген кезде қызығып қаламын. Оның жасыратын несі бар? Көшеде қолынан ұстап жүргің келеді, әрине…

Өзімді қазір бойдақ, еркін сезінемін”, – деді Мөлдір Мұқанова.

Сондай-ақ әнші өзінің ішкі күйі туралы айтып, өзін жас кезіндегідей сергек әрі еркін сезінетінін атап өтті. Оның сөзінше, қазіргі жағдайы оған еркіндік беріп, өз-өзімен үйлесім табуға мүмкіндік жасап отыр.

Мөлдір Мұқанова өзін тіпті 20 жыл артқа шегінгендей, жастық шағындағыдай күйде сезінетінін де жасырмады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер