Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен жиында Қазақстанның 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылу қорытындылары қаралды, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы есеп беріп, бірқатар мемлекеттік орган басшылары негізгі бағыттар бойынша баяндама жасады. Мемлекет басшысы геосаяси жағдайды ескере отырып, қоғамдық, экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігін күшейту қажеттігін атап өтті.

Отырыста сондай-ақ 2026–2030 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы талқыланды. Бұл құжат алдағы бес жылдағы ықтимал қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың негізгі тәсілдерін айқындайды.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин орта мерзімді басымдықтар, мақсатты индикаторлар және тәуекелдерді басқару тетіктері туралы баяндады.

Президенттің айтуынша, жаңа Конституция елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын нығайтып, дамудың жаңа кезеңіне жол ашты. Ал жаңа стратегия осы қағидаттарды сақтай отырып, тұрақты өсімді қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы ұлттық мүддені қорғау аясында қорғаныс қабілетін арттыру, азаматтар мен қоршаған ортаны қорғау, киберқауіпсіздікті күшейту және әлеуметтік-экономикалық тәуекелдерді азайту міндеттеріне ерекше назар аударды.

Жиын қорытындысы бойынша экономика, білім және технология салаларына білікті шетелдік мамандарды тартуға арналған арнайы бағдарламаны жедел әзірлеу тапсырылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.