Танымал әнші Мақпал Жүнісова көпшілік жиналған тойлардың бірінде Тұрсынбек Қабатовқа әзіл аралас тілек айтып, қонақтарды күлкіге қарық қылды. Желіге тараған сәтте әншінің астарлы әзілі мен Қабатовтың тосылған кейпі көптің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.
Кеш барысында әнші белгілі асаба әрі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қарата қалжыңға құрылған ақ тілегін жолдаған. Оның сөзінен кейін залда отырған қонақтар ду күлсе, асабаның өзі де бір сәт тосылып қалғаны байқалған.
«Тұрсынбекжан, біз сені қатты жақсы көреміз. Бақытты бол! Кіммен жүрсең де, қайда жүрсең де. Біріншімен болсын, екіншімен болсын, үшінші, төртіншімен жүрсең де – бәрібір бақытты бол», – деді әнші.
Әзілге құрылған бұл тілек кештің шырайын кіргізіп, жиналған жұрттың көңілін көтерген. Қабатов та сөзді ауыр қабылдамай, әдеттегі қалпымен жылы жымиып, тойдың сәнін келтіре түсті.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін бұл сәт қызу талқыға түсті. Көпшілік Мақпал Жүнісованың әзілін жоғары бағалап, осындай шынайы да еркін сәттер қазақы тойдың көркін аша түсетінін жазып жатыр.