Ресейлік әйел Қазақ Ауыл шаруашылық министрлігінен миллион доллар ақша тонаған
Ресейлік Светлана Киршова есімді әйел екі серіктесімен бірге Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің шотынан миллион доллар ұрлады деп айыпталуда.
Басылым хабарлағандай, Ресей мен Қазақстан журналистері бұл істі “ең сәтті алаяқтық” деп атаған.
16 жыл халықаралық іздеуде болған Светлана Киршова қазір үй қамауында отыр.
Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы бұрын Омбы көтерме сауда базарында жұмыс істеген, көкеністер мен жемістерді сатқан. Дәл сол жерде ол өзінің серіктестерінің бірімен танысқан.
Содан кейін екеуі танысымен бірге Қазақстанға ақша табу үшін келеді. Қылмыстық топ бір күнге компания құрады. Тіпті қызметкерді жұмысқа алады. Жұмысқа алынған үміткерге қойылған басты талап істі “жүргізіп жатқан” Светлана Киршоваға түр сипатының ұқсас болуы. Барлығы тек бір мақсатта жасалған — “егіздердің” төлқұжат деректері негізінде жалған құжаттар жасау. Содан кейін сотталушы Киршова алты айға жуық уақыт бойы өзін басқа адам деп ретінде көрсеткен”, – делінген хабарламада.
2003 жылғы сәуірде күдікті жалған құжаттар бойынша Қазақстанның Қазына басқармасына жұмысқа орналасты, онда жарты жыл жұмыс істеді.
Лауазымы өскен соң ақшаны жалған шотқа аударып, қашып кеткен. Қазір белгілі болғандай алты айда кем дегенде 7 қаланы ауыстырған. Нұрсұлтаннан Бурабайға, одан соң шекарадан өтіп Омбыға қайтады. Кейін Новосибирск, Владивосток, Липецк, Белгород облысында ауылдардың бірінде тұрады”, – делінген басылымда.
Әйел 2020 жылы Белгородта ұсталды.
Киршованың серіктестері сотталды. Олар жазасын колонияда өтейтін болды.
Светлана Киршоваға қатысты қылмыстық істі қарау жалғасуда, ол кінәсін мойындамаған. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі 23 миллион рубль көлемінде арыз талап етті. Оны 10 жылға жуық колония күтіп тұр.