Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Неге белінен құшақтады?” - Мейрамбек Беспаевтың танымал блогермен амандасамын деп сынға қалды

“Неге белінен құшақтады?” - Мейрамбек Беспаевтың танымал блогермен амандасамын деп сынға қалды

Мейрамбек Беспаевтың блогер Сабина Мовлаевамен шоу кезінде амандасу сәті әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Cover Show» бағдарламасында төрелік еткен әнші блогермен амандасқанда оны белінен құшақтап алған. Бұл әрекет көрермендер мен желі қолданушылары арасында наразылық туғызды. Өз кезегінде Сабина Мовлаева бұл сәтте қобалжып, өзін жайсыз сезінгенін айтқан.

Пікір білдірушілердің басым бөлігі әншінің әрекетін қолдамаған. Олар «Неге белінен құшақтап амандасты?», «Тым жақын адамдай әрекет етті», «Бұл ерсі көрінеді» деген сыни көзқарастарын жазған. Кейбір қолданушылар әзілмен де пікір қалдырған.

Жалпы, шоу барысында Беспаев қатысушыларға жылы қарым-қатынас танытқанымен, дәл осы әрекеті көпшілік арасында екіұдай пікір қалыптастырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.