Өскемен қаласына келіп, жергілікті тұрғындардың ерекше ықыласына бөленген МузАрт тобына ат мінгізді, деп хабарлайды kznews.kz.
Әуежайда қарсы алған жанкүйерлер әншілерге қазақтың салт-дәстүріне сай құрмет көрсетіп, ат мінгізді. Бұл – өнер адамдарына деген халықтың шынайы құрметін білдіретін ерекше сәттердің бірі болды.
Өз кезегінде топ мүшесі, халық сүйікті әншісі Сәкен Майғазиев көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан халқы әрдайым өнерге жақын әрі мәдениетке ерекше құрметпен қарайды. Әуежайдан бастап көрсетілген ілтипат ұжым үшін үлкен мәртебе болғанын айтып, «МузАРТ» атынан шексіз ризашылығын жеткізді.
Алайда бұл сый көпке жақпаған сияқты.
"Жағдайы жоқтар сұраса, 1 стақан су бермейді, осындайда бәрі бергіш болып дайын тұрады екен. Тегін концерт бергендей, алсын берсін, бірақ мұқтаждардың жағдайын ойласа, спортсмендерге және тағы басқаларға берсін елге пайдасы бар!", - деп жазды желі қолданушылары.