“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында 8 жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр

Түркістан облысында 8 жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр
ашық дереккөзден

Түркістан облысында 8 жастағы Жаннұр Тұрсынбек бес күн бұрын суға кетіп, әлі күнге дейін табылмай жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға Абай ауылында 23 наурыз күні болған. Екінші сынып оқушысы арыққа түсіп кеткен аяқ киімін алмақ болып жүгірген кезде тайып құлап, Келес өзеніне ағып кеткен.

Бұл жағдайды оның жанында ойнап жүрген балалар көрген. Қазіргі уақытта баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ауыл тұрғындары арықтың тым төмен деңгейде салынғанына наразылық білдіруде. Олардың айтуынша, егер арық биігірек орналасқанда, мұндай қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.

"Мына жерде балалар ойнайды. Сым да жоқ, ескерту белгісі де жоқ. Інім мына жерде сым болғанда сол сымға ілініп, аман қалар ма еді деген сұрақпен отырмыз . Аудандық әкім “өзіміз бітіреміз” деп, Шымкент қалалық ТЖД жұмысшыларына өтініш беруге қарсы болды. Бір жағынан баланың үш күнде өті жарылып, су бетіне шығады деген сылтаумен іздестіру жұмыстары өте немқұрайлы жүріп жатыр", – дейді Жаннұрдың әпкесі Әсел Бердібай. 

Құтқарушылар Келес өзенінің жағалауын бойлай іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Түркістан облысы Келес ауданында төтенше жағдай департаменті құтқарушылары, полиция департаментінің өкілдері және ауыл тұрғындарымен бірлескен іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Келес өзеніне батып кеткен 2018 жылғы баланы іздеуге барлығы 120 адам қатысты. Сондай-ақ қолданыста 15 техника, 2 қайық пен 2 ұшатын аппарат бар. Балаларыңызды көзден таса жібермей, қауіпсіздік шарасын сақтауды сұраймыз", – деді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары. 

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер