Ресей Қазақстанды құтқарып қалды – Қадыров

0

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы елдеріне бейне үндеу жасады.

Ол ҰҚШҰ құрамындағы елдерден Украинадағы оқиғаларға қатысты ұстанымын айтуды сұрады.

– Ресей Қазақстанды құтқарды. Армения мен Әзірбайжан арасында соғыс болған кезде Путин басты рөл атқарды. Қазақстан егемендігінен айырыла жаздаған кезде кім көмектесті? Ресей. Ешкімнен қорықпады.
Неліктен біздің ата-бабаларымызды өлтірген бандерлерге, ұлтшылдарға және фашистерге қарсы ұстанымдарың жоқ? – деді Қадыров Telegram арнасында жариялаған видеода.