"Жақында бәрі өзгереді": Назарбаевтың жиен немересі шұғыл үндеу жасады (ФОТО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Оның дәуірі өтіп кеткен": депутаттар Дариға Назарбаеваның саясатқа оралуы туралы пікір білдірді

"Оның дәуірі өтіп кеткен": депутаттар Дариға Назарбаеваның саясатқа оралуы туралы пікір білдірді
exclusive.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева вице-президент болуы мүмкін бе? Бұл сауалға Мәжіліс дәлізінде депутат Абзал Құспан жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистер әлеуметтік желіде түрлі пікір жазылып жатқанын, олардың арасында "ескі Қазақстан өкілі Дариға Назарбаева вице-президент болуы мүмкін" деген болжам бар екенін айтты.

"Енді әлеуметтік желіде әртүрлі пікір жүруі заңдылық қой. Пікір алуандығы, сөз бостандығы. Қайсыбіріне пікір білдіреміз?! Қайсыбірін растап, қайсыбірін жоққа шығарамыз?! Шынымды айтайын, менде үміткерге қатысты ешқандай нұсқа жоқ. Дәл сол айтылған кісі лайықты деп ойламаймын", - деді депутат БАҚ өкілдеріне.

2022 жылы 25 ақпанда Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаты ретінде өкілеттігін ресми түрде тоқтатқан еді. Содан бері Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы ешқандай саяси қызмет атқармай, көпшілік назарынан тыс қалды.

Алайда елде вице-президент қызметі қайта енгізіледі деген жаңалықтан кейін әлеуметтік желілерде "Дариға Назарбаева саясатқа оралуы мүмкін" деген болжамдар айтыла бастады.

Мәжіліс дәлізінде депутат Айдос Сарым да осындай пікірлерге қатысты өз ойын білдіріп, Дариға Назарбаеваны "сүйкімсіз саясаткер" деп атады. Депутаттың айтуынша, "оның дәуірі әлдеқашан өтіп кеткен".

Айта кетейік, бүгін, 20 мамырда, Парламент "Президент туралы" конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Заң бойынша Қазақстан Республикасының вице-президенті институты енгізіліп, оның құқықтық жағдайы айқындалады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша вице-президент Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасайды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер