Аралды құтқару мүмкін емес: Қазақстанның ендігі жоспары қандай?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Аралды құтқару мүмкін емес: Қазақстанның ендігі жоспары қандай?

Аралды құтқару мүмкін емес: Қазақстанның ендігі жоспары қандай?
фото: ашық дереккөз

Қазақстан соңғы бес жылда Арал теңізінің құрғап қалған табанының 1,1 миллион гектардан астам аумағына сексеуіл екті. Экология министрлігінің мәліметінше, бұл Арал маңындағы шөлейттенуді тежеудің және тұзды шаң дауылдарының алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі болып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Мамандардың айтуынша, Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін емес. Бүгінде теңіздің құрғаған табаны шамамен 6 миллион гектар аумақты алып жатыр. Оның жартысына жуығы Қазақстан аумағында орналасқан.

Сондықтан билік теңізді қайта толтыруға емес, құрғаған аумақта сексеуіл мен сортаң жерге төзімді өзге де өсімдіктерден тұратын жасыл белдеу қалыптастыруға басымдық беріп отыр.

2021–2025 жылдары орман-мелиорациялық жұмыстар 1,1 миллион гектар жерді қамтыды. Ал 2026 жылы тағы 116 мың гектар аумақ көгалдандырылды.

Сексеуіл топырақты бекітіп, тұз бен шаңның ауаға көтерілуін азайтады. Уақыт өте келе бұл аумақтарда жануарлар мен құстар қайта қоныстана бастаған.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, қолдан отырғызылған орман өзінің тиімділігін дәлелдеді.

– Ұзындығы 12 метрге дейін жететін қуатты көлденең тамырлар топырақты жел эрозиясынан қорғайды. Сонымен қатар бұл аумақта біртіндеп жаңа экожүйе қалыптасып келеді. Мұнда кеміргіштер, бауырымен жорғалаушылар мен құстар мекендей бастады, – делінген министрлік хабарламасында.

Қазір Аралдың бұрынғы табанында құлан, қарақұйрық және толай қоянын кездестіруге болады.

Өңірде сексеуіл көшеттерін өсіретін жаңа питомниктер салынып жатыр. Солардың бірі тікелей Арал теңізінің құрғаған табанында орналасады. Бұл жерде қазірдің өзінде тереңдігі 500 метр болатын ұңғыма қазылған.

Сондай-ақ жаңа орман алқаптарын қорғау мақсатында аумағы 1,3 миллион гектардан асатын «Арал орманы» мемлекеттік табиғи резерватын құру жоспарланған.

Мамандар Арал маңында жинақталған тәжірибені болашақта Қазақстанның басқа да экологиялық проблемалы аумақтарында, соның ішінде бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны жерлерінде қолдануды көздеп отыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.