Аралды құтқару мүмкін емес: Қазақстанның ендігі жоспары қандай?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова бірге жүр: Олар қайта қосылды ма?

Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова бірге жүр: Олар қайта қосылды ма?
видеодан скриншот

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова қызы Айымның мектеп бітіру кешінде бірге көзге түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, қызына жылы лебізін арнады. Ол Айымның мектептегі жылдарын еске алып, оның білімге құштар, достары көп, белсенді оқушы болғанын айтты.

"Менің әлемге ғашық Айымым мектеп бітірді. Ақ колготки, ақ бантик тағып, ақ күртешеңді үтіктеп, оқу құралдарыңды түгендеп, күнде таңертең оятып, еркелетіп сабаққа апарған әр сәтіміз есімде. Достарың да көп болды, білімге де құштар болып өстің. Мектептің әр іс-шарасына белсенді қатысып, жүлделі орындар алып жүрдің. Тәттім менің, оқушылық кезеңіңді ақылмен, санамен аяқтағаның үшін, әр жетістігіңмен мені аналық бақытқа бөлегенің үшін рақмет. Өзіңнің дара жолыңды тауып, еліңе, қоғамға пайдалы ұрпақ бол", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұрынғы ерлі-зайыптылардың қызының қуанышты күнінде бірге болғанына жылы пікір білдіріп жатыр. Көпшілік олардың ата-ана ретінде маңызды сәтте бір ортадан табылғанын жақсы қабылдады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер