Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қорғаныс министрлігі Қайрат Сатыбалдыұлы “дәріс оқуға“ барған колледж басшылығы жазаланғанын мәлімдеді

Қорғаныс министрлігі Қайрат Сатыбалдыұлы “дәріс оқуға“ барған колледж басшылығы жазаланғанын мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігі Қайрат Сатыбалдыұлы Алматыдағы өзі білім алған Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжіне барғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұған дейін БАҚ-та ол студенттерге лекция оқығаны туралы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер бұл мәселе туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтен сұрады.

"Қайрат Сатыбалдыұлы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери колледжге барып, лекция оқыды. Бұған Қорғаныс министрлігінің ұстанымы қандай? Оның лекция оқуына неге рұқсат берілді? Жемқорлық ісі бойынша сотталған адамның жастар алдында сөз сөйлеуі теріс бағыт-бағдар бермей ме?", - деген сұрақ қойылды.

Дархан Ахмедиев Сатыбалдыұлының лекция оқымағанын, ол колледжге мекеменің 40 жылдық мерейтойына орай түлек ретінде барғанын айтты.

"Колледждің 40 жылдық мерейтойы болды. Бұл іс-шараны түлектер ұйымдастырған. Министрліктің бұған қатысы жоқ. Олар түрлі мекеменің 20 жылдық, 40 жылдық мерейтойларын өздері өткізіп тұрады. Ол жерге осы оқу орнының түлегі ретінде барды (...) Дәріс оқыды дегенді бірінші рет естіп тұрмын. Ол дәріс оқыған жоқ және оқымайды да. Дәріс оқу үшін оқытушылар құрамында болу керек", - деді вице-министр.

Журналистер Қорғаныс министрлігі осы жағдайға байланысты колледж басшылығын жазалай ма деп нақтылады.

"Жазалады. Қателеспесем, жұмыстан босатылды", - деп жауап берді Ахмедиев.

Сатыбалдыұлының әскери-спорт колледжіне баруына байланысты нақты кім қызметінен айырылғанын Ахмедиев ашып айтпады.

Қайрат Сатыбалдыұлы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.

2022 жылы Сатыбалдыұлы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол "Қазақтелекомға" 12 миллиард теңгеден астам шығын келтіріп, көлік сервисі орталығының мүлкін талан-таражға салуға қатысы болған.

2023 жылы тергеу басқа эпизодтар бойынша жалғасты. Қаңтарда Сатыбалдыұлы ақша жылыстату бойынша кінәсін мойындады. Осы ретте, 2024 жылы Kaisar Plaza бизнес-орталығы оның мемлекетке қайтарған активтері тізіміне енді.

Тергеу амалдарынан кейін Қайрат Сатыбалдыұлынан көптеген ірі актив мемлекет меншігіне өтті. Аралық бағалау бойынша, олардың жалпы құны 730 миллиард теңгеден асқан.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.