Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Тұтас бір дәуірдің тынысы": Асанәлі Әшімовтің жары қуанышты хабарын жеткізді (ФОТО)

"Тұтас бір дәуірдің тынысы": Асанәлі Әшімовтің жары қуанышты хабарын жеткізді (ФОТО)
ашық дереккөзден

Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында актердің күнделік кітабы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол қазақ өнерінің көрнекті тұлғасының өмірі, өнерге көзқарасы мен ішкі толғанысын тереңірек түсінгісі келетін оқырмандарға осы еңбекті оқуға кеңес берді.

"Асанәлі Әшімұлымен сырласқыңыз келсе, оның жүрегін не толғандырғанын, өмір мен өнер туралы ойларын білгіңіз келсе, күнделік кітабын оқыңыздар. Бұл кітаптан сіз тек актердің ғана емес, тұтас бір дәуірдің тынысын, өнер адамының ішкі әлемін, өмірлік ұстанымдарын таба аласыздар", – деп жазды Бағдат Әшімова.

Сондай-ақ ол кітапты Kaspi Магазин арқылы сатып алуға болатынын атап өтті.

Бағдат Әшімованың айтуынша, бұл еңбек Асанәлі Әшімовтің шығармашылық жолын ғана емес, оның адамдық болмысын, өмірге деген көзқарасын және өнерге адалдығын танытатын құнды дүние.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер