Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Hilton қонақүйінен 250 қызметкерді күштеп шығарып жатыр": депутат Қайрат Сатыбалдының тағы бір қитұрқы ісін әшкереледі

"Hilton қонақүйінен 250 қызметкерді күштеп шығарып жатыр": депутат Қайрат Сатыбалдының тағы бір қитұрқы ісін әшкереледі
Фото: agoda.com

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи 21 мамырда Алматы қаласында орналасқан Hilton қонақүйінде істейтін 250 қызметкерді ғимараттан күштеп шығарып жатқанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутаттың айтуынша, Алматы қалалық әділет басқармасының шешімімен қонақүйді меншік иесінен алып қою, қызметкерлерін ғимараттан шығару және нысанды күштеп босату әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ол мұны Мәжіліс отырысы өтіп жатқан сәтте болған оқиға ретінде сипаттады.

Бапидің мәліметінше, қонақүйде шамамен 250 адам жұмыс істейді. Ол бұл жағдайдың шетелдік қонақтардың көзінше өтіп жатқанын айтып, оны «әділетсіз және заңсыз әрекеттер» деп бағалады.

Депутат сондай-ақ бұл нысанның бұған дейін Қайрат Сатыбалдыға қатысты активтер қатарында болғанын еске салды. Оның айтуынша, кейін бұл активтер мемлекетке қайтарылған, соның ішінде Hilton қонақүйі де бар.

Ермұрат Бапидің айтуынша, қонақүйді тартып алып, Мемлекеттік мүлік комитеті арқылы аукционға шығарып, оны Қайрат Сатыбалдыға жанама түрде тиесілі компанияға өткізуге бағытталған жасырын схема іске асырылып жатыр.

Депутат бұл жағдайдың артында Қазақстандағы екінші деңгейлі екі банктің иесі тұрғаны туралы дерек бар екенін де айтты. Сондай-ақ ол Hilton қонақүйінің нарықтағы құны шамамен 12 млрд теңге бола тұра, оны 4,5 млрд теңгеге бағалау әрекеті болғанын жеткізді.

Бапидің пікірінше, бұл – мүлікті төмен бағамен өткізіп, кейін аукцион арқылы қайтадан арзан бағаға сатып алуға мүмкіндік беретін жасырын тәсіл.

Депутат Бас прокуратурадан жағдайды тексеріп, заңды баға беруді сұрады және бұл мәселе президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына жететініне сенім білдірді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі