Қызыл кітапқа енген жануар: Маңғыстауда өлі қабылан табылды (видео)
Маңғыстауда сирек кездесетін қабыланның өлігі табылды.
Өлі қабылан жергілікті тұрғындар кеше, 9 маусымда, түнгі сағат 22.00 шамасында, Манашы мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы Күйкентау ауданынан тапты. Бұл туралы «Қызылсай» мемлекеттік аймақтық табиғи паркінің басшылығы мәлімдеді.
«Қызылсай» ЖӨӨБ инспекторларының арнайы тобы, Маңғыстау, Бейнеу аймақтық дирекцияларының қызметкерлері, ветеринарлар мән-жайларды анықтау үшін қабылан өлген жерге барды. Бұл аймақ Ақтаудан шамамен 300-350 км қашықтықта орналасқан. Қосымша ақпарат мән-жайлар анықталғаннан кейін беріледі”, – деп мәлімдеді экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Орталық Азия қабыланы – әлемдегі ең үлкен қабыланның кіші түрінің бірі. Қазақстанда тек Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында кездеседі.
Орталық Азия қабыландарының көп бөлігі Иранда, Ауғанстанда, Түркіменстанда кездеседі. Сондай-ақ, Әзірбайжан, Армения, Таулы Қарабах, Грузия мен Түркияда да бар.
Айта кету керек, қабылан осыған дейін Үстірт мемлекеттік табиғи резерватының аумағында 2018 жылдан бастап бірнеше рет камераға түсіп қалған. 2021 жылдан бастап ол Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілді.