Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде Шымкентте төбелес шығарған әкімнің видеосы тарады (ВИДЕО)

Желіде Шымкентте төбелес шығарған әкімнің видеосы тарады (ВИДЕО)

Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаев тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, оған «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі жаза қолданылған. Бұл шешім қалалық әкімнің өкімімен, Әдеп жөніндегі комиссияның ұсынысы негізінде қабылданған.

Тексеру бұқаралық ақпарат құралдарында тараған материалдардан кейін басталған. Соның негізінде аудан әкіміне қатысты тәртіптік іс қозғалып, қызметтік тексеру жүргізілген. Іс материалдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі комиссиясына жолданған.

Қарау қорытындысында комиссия Алмас Абаевтың әрекеттерінде қызметтік әдеп нормаларын бұзу белгілері бар деген шешімге келген. Қалалық әкімдік аппараты бұл жаза 2026 жылғы 6 сәуірдегі өкіммен бекітілгенін растады.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде футбол алаңында ер адамның басқа біреуге қол көтерген видеосы тараған болатын. Көпшілік ол адамды аудан әкіміне ұқсатып, осыдан кейін қызметтік тексеру басталған еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.