Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қаскелеңде бір топ оқушы 9-сынып оқушысын соққыға жығып, қорлаған

Қаскелеңде бір топ оқушы 9-сынып оқушысын соққыға жығып, қорлаған
Фото: pexels

Алматы облысында оқушылар арасындағы қатыгездік қоғамды дүр сілкіндірді. Қаскелеңде бір топ мектеп оқушысы 9-сынып қызын аяусыз соққыға жығып, қорлау сәттерін видеоға түсірген, деп хабарлайды kznews.kz.

Smartnews.kz басылымының хабарлауынша, оқиға өткен жұма күні болған. Мәліметке сәйкес, Керімбеков атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары колледждегі құрбыларымен бірігіп, жәбірленушіге әдейі шабуыл жасаған. Даудың себебі — қыздардың бірі айтылған сөзді «дұрыс қабылдамаған». 

Куәгерлердің айтуынша, жәбірленушіні бірнеше қыз қоршап алып, ұрып-соғып, тізерлетуге мәжбүрлеген. Қорлау әрекеттерінің барлығы телефонға түсірілген. Ақырында қыз кешірім сұрағаннан кейін ғана босатылып, ата-анасына хабарласуға мүмкіндік алған. Оқиғадан кейін қыздың әкесі бірден полицияға жүгінген.

Алғашқыда құқық қорғау органдары шабуыл жасағандардың ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салғаны хабарланған. Алайда кейін Алматы облыстық полиция департаменті істің қылмыстық сипат алғанын мәлімдеді. Хулигандық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін тергеу басталды. Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар екі кәмелетке толмаған есепке алынған. Олардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар бір ата-анаға жасөспірімнің ұсақ бұзақылық әрекеті үшін де жаза қолданылған. Іс кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынып, оқиғаға қатысы болуы мүмкін басқа тұлғалардың да әрекеттері тексеріліп жатыр. 

 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.