Қуат «Найман» украиналықты бірінші раундта жеңді – Видео

0
3582

Қазақстандық жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (22-6-2) Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 1 аралас жекпе-жек турнирінің хедлайнері атанды, деп жазады Sports.kz

Оның қарсыласы украиндық файтер Роман Головинов (10-4) болды. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, алайда, Қуат Хамит қарсыласын бірінші раундта буындырып тастады.

Қуат Хамитов үшін бұл жеңіс кәсіби мансабындағы 23-ші жеңіс болды, ал Роман Головинов бесінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды.