278 млрд доллар: импорт иірімі жұтқан қаржы Ұлттық қорды орап ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Автобус жүргізушісінің талмасы ұстап, ағашқа соғылған: ішінде 26 бала болды

Автобус жүргізушісінің талмасы ұстап, ағашқа соғылған: ішінде 26 бала болды
Фото: depositphotos.com

АҚШ-тың Массачусетс штатында мектеп автобусының жүргізушінің талмасы ұстап, көлік ағашқа соғылды, деп хабарлайды kznews.kz People басылымына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 6 мен 12 жас аралығындағы оқушылар мектепке бара жатқан.

Жүргізуші ем алу үшін ауруханаға жеткізілді, сондай-ақ сақтық шарасы ретінде бір оқушы да медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға апарылған.

«Автобуста болған  барлық оқушыларды оқиға орнында жедел қызмет мамандары тексеріп, ешқайсысы жарақат алмаған. Балалар ата-аналарының рұқсатымен туыстарына немесе көршілеріне аман-есен тапсырылды», — делінген хабарламада.

CBS News мәліметінше, полиция жүргізушінің жағдайын «өміріне қауіп төндіретін» деп бағалаған. Ол ауруханаға жеткізілген.

Машпи мемлекеттік мектептерінің директоры доктор Мишель Коннерс:

«Ешкімнің ауыр жарақат алмағанына өте қуаныштымыз. Қазір медициналық көмек алып жатқан жүргізуші біздің көлік қызметіндегі бағалы қызметкер, біз оның тез сауығып кетуін тілейміз. Сондай-ақ жедел әрекет етіп, оқушыларға көмектескен полиция, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне алғыс білдіремін», — деді.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер