278 млрд доллар: импорт иірімі жұтқан қаржы Ұлттық қорды орап ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Анасы білмейді": Астанадағы өрттен қаза тапқан үш бала жерленді

"Анасы білмейді": Астанадағы өрттен қаза тапқан үш бала жерленді
ашық дереккөзден

Астанадағы "Көркем-3" тұрғын үй кешенінде болған өрттен көз жұмған үш баланы соңғы сапарға шығарып салды. Бұл туралы NewTimes.kz хабарлады.

Марқұмдардың үлкені 13 жастағы Айзере болса, онымен бірге 8 жастағы қарындасы мен 2 жастағы інісі қаза тапқан. Қайғылы жағдайдан кейін отбасы мен жақындары ауыр қайғыға батып отыр.

Балалардың туған тәтесі қазақстандықтарға үндеу жасап, өмірдің қадірін білуге шақырды.

"Бүгін әпкемнің үш баласын жер қойнына тапсырдық. Осы қайғылы күннен бері өзімізге келе алар емеспіз. Кейде біз тым көп нәрсе сұраймыз, ал барымызды бағаламаймыз. Балалардың, ата-ананың, жақындардың амандығын бағалау керек", – деді ол.

Туыстарының айтуынша, апаттан тек анасы – 39 жастағы Жанаргүл аман қалған. Қазіргі уақытта ол ауыр халде ауруханада жатыр. Әйел әлі есін жимапты және болған оқиғадан бейхабар. Дәрігерлер оның денесінің шамамен 50 пайызын күйік шалғанын айтып, қолдан келген көмектің бәрін жасап жатқанын жеткізген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер