278 млрд доллар: импорт иірімі жұтқан қаржы Ұлттық қорды орап ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда 3 жасар баланың үстіне кірпіш құлады (ВИДЕО)

Алматыда 3 жасар баланың үстіне кірпіш құлады (ВИДЕО)

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында қайғылы оқиға тіркеліп, үш жасар бала зардап шекті, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, мәдени нысанның сыртқы қаптамасының бір бөлігі үзіліп, төменге құлаған. Сол сәтте жақын маңда жүрген бүлдіршіннің үстіне түсіп, оны жарақаттаған.

Бала дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған. Қазіргі таңда оның жағдайы нақтыланып жатыр, қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету» бабы бойынша жүргізілуде.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, ғимараттағы ақаудың себептерін, жауапты тұлғаларды және қауіпсіздік талаптарының сақталуын анықтап жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.