Қарағандылық қызға вакцинаның екінші дозасында басқа екпенің компонентін салып жіберген
Қарағандыда 19 жастағы қызға коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салынған, деп хабарлайды Ekaraganda.kz басылымы.
Қызға қытайлық вакцинасының бірінші компоненті егілді. Екінші компонентті алуға келгенде оған ресейлік Sputnik-V егілді. Оқиға туралы қыздың анасы Ольга Величко айтып берді.
«Медицина қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауға немқұрайлы қарауынан, менің қызыма қате түрде коронавирустық вакцинаның дұрыс емес компоненті енгізілді. Бірінші компонент жеке медициналық ұйымда қабылданды. Бұл араб вакцинасы. Вакцинация екінші компоненттін қабылдау кезінде алгоритмі сақталмады. Крылова көшесі, 44 мекен-жайы бойынша 1-емханада вакцина алдында дәрігер қызымның қысымын да, температурасын да, қан деңгейін де өлшеген жоқ», — деді Ольга Величко.
Қызға бірінші қытайлық вакцина салынғанына қарамастан, медбике ампуланы көрсетпей, ресейлік вакцинаны байқатпай салып жіберген.
“Қызымнан кейін, екпе салдыруға әпкем кірген. Ол өзіне Sputnik-V вакцинасын салып жатқанын байқап қалған. Шу шығарғаннан кейін ғана қызыма қытайлық емес, ресейлік вакцина салынғаны белгілі болды. Мен Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына шағым жаздым, жауабын күтемін. Қызыма ешқандай зияны тимейді деген үміттемін”, – дейді келіншек.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға ешқандай түсініктеме берген жоқ, тек қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатқанын атап өтті.