Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Бүкіл әлем зардап шегіп отыр": Ердоған Таяу Шығыс туралы ашық айтты

"Бүкіл әлем зардап шегіп отыр": Ердоған Таяу Шығыс туралы ашық айтты
instagram.com/rterdogan. Суретте: Режеп Тайип Ердоған

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек бастауға шақырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы ол үкімет отырысынан кейін халыққа жасаған үндеуінде айтты. Ердоған Таяу Шығыстағы қазіргі шиеленісті Израиль және оның премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жүргізіп отырған саясатпен байланыстырды.

"Бұл – Израиль мен Нетаньяхудың соғысы, алайда оның салдарын бүкіл әлем тартып отыр", – деді Түркия басшысы.

Оның сөзінше, қақтығыс аймақтық деңгейден асып, жаһандық сипатқа ие бола бастаған. Бұл жағдай миллиардтаған адамға әсер етуі мүмкін екенін де атап өтті.

Сонымен қатар Ердоған дағдарыстың астарында Израиль басшылығының саяси мүдделері жатқанын айтып, халықаралық қауымдастықты белсенді әрекет етуге шақырды.

Түркия президенті тараптарды шұғыл түрде келіссөз үстеліне отырғызудың маңызын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, тұрақтылықты қалайтын елдер шиеленісті ушықтыратын әрекеттерден бас тартып, мәселені дипломатиялық жолмен шешуге күш салуы қажет.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер