Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан Түркістанды Иран мен АҚШ–Израиль арасындағы келіссөз алаңы ретінде ұсынды

Қазақстан Түркістанды Иран мен АҚШ–Израиль арасындағы келіссөз алаңы ретінде ұсынды
Фотоиллюстрация: Kznews

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды kznews.kz.

Әңгіме барысында тараптар Таяу Шығыстағы күрделі геосаяси ахуалды талқылап, өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды.

Сұхбат кезінде Ермек Көшербаев Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейін жасаған мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізуге арналған бейтарап алаң ретінде ұсынуға дайын екенін растады.

Қазақстан дәстүрлі түрде халықаралық шиеленістерді реттеуде диалог пен келіссөз мәдениетін қолдайды. Бұған дейін де еліміз Сирия мәселесі бойынша Астана процесі аясында келіссөздер өткізіп, бейбіт бастамаларға ұйытқы болғаны белгілі.

Тараптар әңгіме соңында екіжақты қатынастардың өзекті бағыттары бойынша байланыстарды жалғастырып, дипломатиялық диалогты нығайтуға келісті.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.