Әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев туралы жаңа ақпарат кеңінен талқылануда, деп хабарлайды kznews.kz.
Талқылауға TikTok-та тараған фотосурет түрткі болған. Желі қолданушылары кадрда Есентаевтың жанында жас қыз бар екенін айтып, оның жеке өміріне қатысты түрлі болжам жасай бастады. Кейбірі оған бақыт тілеп, қайтадан үйленуі мүмкін екенін жазуда.
Сондай-ақ көпшілік қыздың жасы айтарлықтай кіші екенін атап өтіп, бұл жағдайды қызу пікірталасқа айналдырған. Алайда аталған ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Айта кетейік, 2016 жылы Есентаев Баян Алагөзоваға шабуыл жасағаны үшін 9 жылға сотталған. 2022 жылдың жазында ол жазасының бір бөлігін өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.