Жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат ұлы Қазыбектің үйлену тойы тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды kznews.kz.
Салтанатты кешті бірнеше асаба кезек-кезек жүргізген. Солардың бірі – актер Қайрат Әділгерей – қонақтарға тосын сый бар екенін айтып, жиында көлік ойнатылатынын жеткізді.
Оның айтуынша, әр қонақ өзіне берілген нөмірді сақтап қоюы керек. Сол нөмірлер арқылы той иелері мейрамхана алдына әкелінген су жаңа автокөліктің иесін анықтайтынын жеткізді. Актер мұндай ауқымды сыйлықтың Қазақстандағы өнер адамдарының тойында бұрын-соңды болмағанын да атап өтті.
Бұдан бөлек, тағы төрт адамға шетелге жолдама табысталды.