Елена Рыбакина Майамиде өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан жеңіліп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлемдік рейтингте бірінші және екінші орында тұрған теннисшілер арасындағы матч екі сетте өтті. Беларусь спортшысы басым түсіп, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.
Ойын барысында Рыбакина екі эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және екі брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Алайда бұл нәтиже Соболенконы тоқтатуға жеткіліксіз болды.
Енді беларусь теннисшісі турнирдің финалында әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған америкалық Коко Гауффпен кездеседі.
Айта кетейік екі апта бұрын ғана қос теннисші Indian Wells турнирінің финалында кездескен болатын. 3 сетке созылған бәсекеде де Соболенка жеңімпаз атанған.