Қайрат Сатыбалдының қайда екені белгілі болды

0
20423

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды елордада жүр. Бұл туралы КазТАГ жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«12 қаңтарда мен Қайрат Сатыбалдыны Нұр-Сұлтан әуежайында кездейсоқ көріп қалдым. Ол әуежайдың VIP залынан шығып, тез арада көлікке отырды да, кетіп қалды»,– деді ҚазТАГ редакциясының куәгері.

Тағы бір куәгердің айтуынша, Сатыбалды Дубайдан (БАӘ) Air Astana рейстік ұшағымен ұшып келген.

Еске сала кетейік, бұған дейін кейбір ресейлік сарапшылар мен БАҚ Сатыбалды Дубайда ұсталды деген ақпарат таратқан болатын.