Ким Чен Ынның қызуы көтерілгенін естіген шенеуніктер егіліп жылады

0

Солтүстік Корея президенттінің әпкесі  жақында Ковид індеті кезінде ауырып қалған Ким Чен Ынның қызуы көтерілгенін айтып, шенеуніктерді жылатты, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Президенттің әпкесі Ким Е Джо алғаш рет көпшілік алдында сөз сөйлеп, ағасының тыныс алуы қиындап кеткенін айтты. Сонымен қатар, ол осы вирусты қасақана таратып жатқан Оңтүстік Корея билігін жоюға уәде берді.  Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

Ким Чен Ынның қазіргі жағдайы негізі құпия болуы керек екен. Алайда ол президенттің халықпен қиындықты қалай бөлісетінін көрсету үшін айтылған болуы мүмкін. Ким Е Джо ағасы елді уайымдағандықтан ұйықтай алмай жүргенін айтып, шенеуніктерді жылатты.

«Бұл Солтүстік Кореяның соңғы жылдардағы көшбасшылық үгіт-насихат стратегиясына сәйкес келеді. Яғни көшбасшының үнемі адамдармен бірге болатын және өмірінің қуанышы мен қайғысын олармен бөлісетінін көрсетеді», — деп түсіндірді Венада орналасқан Ашық ядролық желінің аймақтық істер жөніндегі менеджері Рэйчел Мин Ён Ли.

КХДР-да 4,77 миллионнан астам адамға CVI диагнозы қойылды.

Фото: ашық ақпарат көздерінен