Біржан Хасанғалиев жаңа қызметке тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тұрсынбек Қабатов әйелімен болған шудан кейін алғаш рет сұхбат берді

Тұрсынбек Қабатов әйелімен болған шудан кейін алғаш рет сұхбат берді
Фото: ulysmedia.kz

Танымал әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов көпшілік алдына шығып, шығармашылық жоспарлары туралы айтты. Ол тойлардың бірінде журналистердің сұрағына жауап беріп, соңғы уақытта концерттерін белсенді түрде жалғастырып жүргенін жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі биыл Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан және АҚШ-та да өнер көрсетуді жоспарлап отырғанын айтты. Оның сөзінше, көрермен тарапынан қолдау әлі де жоғары. Қабатов өзіне қатысты түрлі ақпарат тараған кезде оны жақтап, жылы пікір білдіретін жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Қазір жылына екі рет гастрольге шығамын. Осы жылы 25-концертімді бергелі жатырмын. Биыл Қырғызстан, Өзбекстан және АҚШ-қа барамын. Көрермендерім бар, Аллаға шүкір. Залдар әрдайым лық толы. Мен туралы сұхбат шықса, көрермендерімнің 50 пайызы жаны ашып, ақтап алып жатады. Жақсы сөздер жазып жатады», – деді Тұрсынбек Қабатов.

Әзілкештің айтуынша, көрерменнің ықыласы оның шығармашылық жолын жалғастыруына үлкен демеу болып отыр. Ол алдағы уақытта да гастрольдік сапарларын жалғастырып, жаңа концерттерін ұсынбақ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.